06 там, 2021 сағат 19:00

Елордаға «Спутник V» вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді


Қазақстан астанасына Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын вакцинаның жаңа партиясын жеткізілді, деп хабарлайды Қарағанды фармацевтикалық кешеннің баспасөз қызметі.

Зауыттың баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы СК-Фармация қоймасына Ресейдің Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы коронавирус инфекциясына қарсы әзірлеген Гам-КОВИД-Вак немесе «Спутник V» препаратының 39 231 құтысы жөнелтілген. 

Елорда тұрғындарын вакциналау үшін коронавирусқа қарсы препараттың I компонентінің 135 040 дозасы және II компонентінің 61 115 дозасы алынды.