
Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Египет, БАӘ, Түркия, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді.
1 668 әуе жолаушыларының ішінде 1 530-інің ПТР-тесті бар, анықтамасыз 138 адам келді. Олардың бәрі - ҚР азаматтары.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 10 рейс, 886 жолаушы, анықтамамен - 808, анықтамасыз - 78;
Алматы қаласының әуежайына - 6 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен - 554, анықтамасыз - 46;
Қарағанды қаласының әуежайына - 2 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді;
Шымкент қаласының әуежайына - 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 123, анықтамасыз - 12;
Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 38 жолаушы, анықтамамен - 36, анықтамасыз - 2;
Петропавл қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 4 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 139 азаматтың тест сынамалары олардың дені сау екенін көрсетті. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 9 желтоқсанында анықтамасыз келген 115 адамның ПТР сынамалары да теріс нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, Ташкент қаласынан ұшып келген Өзбекстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.
