09 қар, 2020 сағат 09:28

Елордаға Майндағы Франкфурттан тағы бір «тәртіпті» рейс келді

Қарашаның 8-інен 9-ына қараған түні Нұр-Сұлтанда 4 ұшақ қонды, рейстерді Air Astana, Belavia, Turkish Airlines әуе компаниялары атқарған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барлығы 463 жолаушы ұшып келген, соның ішінде 30 адамның ПТР тесті болмаған, олар стационарлық карантинға жіберілді. Олар ПТР тест тапсырған соң үйлеріне жіберіледі, ал тест оң қорытынды көрсетсе, инфекциялық стационарға жатқызылады. 7 қараша күні сағат 22:05-те Майндағы Франкфурттан келген рейстің барлық 46 жолаушысының қолында КВИ ауырмайтыны туралы ПТР тестілердің қорытындылары болды», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.