#
#
Сейсенбі 01/12/2020

Елордадағы жарылыс: 33 адам зардап шекті

  • 21.11.2020
  • 0
  • 159

Елордада дәмханадағы жарылыс салдарынан 33 адам зардап шекті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шұбар ауданында газ баллонының жарылуы салдарынан 33 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен қала ауруханаларына жеткізілді. Бейінді мамандар, медицина қызметкерлері зардап шегушілерге толықтай медициналық көмек көрсетуде», - деп атап өтеді басқармадан. 

Басқарма мәліметінше, оқиға орнында 3 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Барлығы 22 бригада жұмылдырылған. 

Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік.

Теги: кафедегі жарылыс, газ баллоны, Елорда, Нұр-Сұлтан, жарылыс

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар