11 шіл, 2020 сағат 09:36

Елордадағы супермаркеттің бірінде пышақ ұстаған әйел жұртты шошытты

Елордадағы супермаркеттің бірінде пышақ ұстаған әйел жұртты шошытқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 шілде күні сағат 18:00-де Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел қолына пышақ ұстап, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтқан және азық-түліктерді шашып, сөрелерді қиратқан», - деп атап өтті ведомстводан. 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл фактіні растады. 1990 жылғы сотталған әйел ұсталу кезінде полицейлерге қарсылық көрсеткен. Ол полиция басқармасына жеткізілді, қазіргі таңда тексеру жүріп жатыр.