28 там, 2021 сағат 01:46

Елордадағы СОСО мен мәдени нысандар қалай жұмыс істейді?


Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша сауда-ойын-сауық орталықтары мен мәдени нысандардың қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ashyq жобасына қатыспайтын сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының ғимаратында орналасқан дәріханалардың, азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын шағын маркеттердің, супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмысына бір келушіге 4 шаршы метр ұсына отырып, күшейтілген санитариялық-профилактикалық режим сақтау арқылы жұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат етілтсін. Сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынсын», - делінген құжатта.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатыспайтын аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Ал түрлі акциялар мен жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын өткізуге «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда да тыйым салынады.

Сонымен бірге, «Ashyq» жобасына қатысатын фудкорттарға 30 орыннан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілдеді.

Қаулы бойынша:

- Ashyq жобасына қатысатын океанариумның жұмысына; 

- құрамы 15 адамнан аспайтын топтық экскурсиялардың жұмысына (бір келушіге кемінде 4 шаршы метр орын қалдыру арқылы) рұқсат берілетін болды.

Кітапханалар, мұражайлар күшейтілген санитариялық-профилактикалық тәртіпті сақтаған жағдайда штаттық режимде жұмыс істей алады.

Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері 1 келушіге кемінде 6 шаршы метр орын қалдыру арқылы әрі бір уақытта келетін адам санын 150-ден асырмай көрме өткізе алады. 

Ал Ashyq жобасына қатыспайтын мейрамхана, дәмхана, кофехана, асхана типті қоғамдық тамақтану объектілері орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, ғимарат ішінде 50%-ға дейін жүктелім сақтау арқылы, орын санын 30-дан асырмай, көрші үстелдердің арасында кемінде 2 метр жер қалдырса, сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болды. 

Ashyq жобасына қатыспайтын объектілерде банкеттер мен үйлену тойларын, мерейтойлар мен еске алу шараларын ұйымдастырып, өткізуге қатаң тыйым салынады.

Ashyq жобасына қатыспайтын жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы бір келушіге 4 шаршы метр орын қамтамасыз етіп, күшейтілген санитариялық-профилактикалық шараларды сақтау арқылы жұмыс күндері штаттық режимде ұйымдастырылады. Ал сенбі және демалыс күндері жұмыс істеуне тыйым салынады. 

Өзге шектеу шараларын мына сілтеменден круге болады.

Қаулы 28 тамыз күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.