Фото: Sputnik Қазақстан / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтанда "Қазақмыс" ғимаратында шыққан өрттен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Елорданың өрт сөндірушілерінің күшімен өрт 19.10-да сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы шамамен 60 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 18-33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында болған өрт орнына жеке құрамнан 44 адам мен 11 техникасы шақыртуға шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жанған.
Болжам бойынша өрттің шығуына отты қолданып жүргізілген техникалық жұмыстар себеп болған.