23 қыр, 2021 сағат 14:05

Елордадағы Mega орталығында вакцинация пункті жабылады


«Mega Silk Way» СОО-да қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцинациялауға арналған пункт 23 қыркүйек күні жабылады. Бұл туралы әкімдік хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды вакцинациялау пункті мұз айдынының аумағында, яғни бірінші қабатта орналасқан болатын. Жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін мұз айдынын қалпына келтіру жоспарланып отыр. 

Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 66 пайыздан астамы вакцинаның бірінші компонентін алды. 

Қала бойынша СОО және СҮ жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: «Керуен» СОО, «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» және «Евразия» СОО.

Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Шаһарда барлығы 84 вакцинация пункті бар. Сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар да жұмыс істейді.