28 шіл, 2020 сағат 09:35

Елордадағы Қошқарбаев даңғылы жартылай жабылды

Елордадағы Қошқарбаев даңғылы 12 тамызға дейін жартылай жабылды.Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Қошқарбаев даңғылында Сарыкөл көшесінен Қордай көшесіне дейін жол құрылысын салу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған орай 28 шілде мен 12 тамыз аралығында көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. «Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарма хабарламасында.