15 мам, 2020 сағат 15:40

Елордадағы қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс режиміне көшті

Нұр-Сұлтанда карантиннен кейін автобустардың жүру кестесі қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап автобустар таңғы сағат 06:00-ден бастап түнгі 22:00-ге дейін жүреді. 12 мамыр күні қоғамдық көлік қозғалысы қайта басталған күні жолаушылар ағыны – 146 907 адамға жетті. Кеше 14 мамырда тағы екі есеге жуық ұлғайып, 226 000 адамға жетті. 

Санитарлық-карантиндік режим талаптары күшін жойған жоқ, әлі де қорғаныш маскасын киіп, қашықтықты сақтау міндеттеледі.