#
#
Бейсенбі 28/01/2021

Елордадағы Ботаникалық бақта тұрғын үй кешені салынбайды – әкімдік

  • 24.11.2020
  • 0
  • 180

Ботаникалық бақтың аумағында тұрғын үй кешені салынбайды. Бұл туралы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдікке сілтеме жасап.

«Ботаникалық бақтың аумағында ешқандай құрылыс болмайды. Бұл жер баққа тиесілі болғандықтан, ондай жоспар да жоқ. 

Бақпен шектесетін көлемі 14,3 га жер телімі 31.05.2013 күнгі № 197-897 қаулыға сәйкес, мемлекет қажеті үшін алынған. Оның иесімен жерді босатып беру туралы мәміле жасалды.

Айтылған жер телімі жекеменшікке беріле сала ол туралы мәліметтер жер кадастры жүйесінен алып тасталады. Тағы да қайталаймын: ботаникалық бақта құрылыс жүргізу туралы ешқандай әңгіме жүріп жатқан жоқ», – деді Нұрлан Уранхаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар