Ұлттық табиғи саябақтарды ластаған жеке тұлғаларға қолданылатын жаза қаншалықты күшейтілмек? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаевқа осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«372-бап бойынша Ұлттық саябақтарды ластаған адамдарға 10 АЕК (29 170 теңге – ред.) көлемінде айыппұл қарастырылған. Жазаны күшейту шараларынан кейін оның көлемі 20 АЕК (58 340 теңге – ред.) болады. Ал бір жылдың ішінде қайталап заң бұзатын болса, жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі тағы екі есе көбейеді», - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев.
Cондай-ақ, ол елордадағы Ботаникалық бақ аумағында спорт кешенін салу мәселесі қарастырылып жатпағанын атады.
«Дәл қазір ондай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ», - деді министрлік өкілі.