03 қар, 2020 сағат 06:23

Елордада жерасты жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді

Елордада жерасты жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақ технология және бизнес университетінің жанында Шыңғыс Айтматов көшесіндегі жерасты жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді.

Жерасты өткелі салынып біткенімен, ішкі қаптау, пандус орнату және жарықтандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабық болған еді.

Айта кетерлігі, қалада көлік ағыны жоғары көшелердің бойында бірнеше жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Шапағат базарының жанында Бөгенбай даңғылының бойында, Республика көшесінде Самал ауданы тұсында, қаланың ескі орталығы маңы Кенесары көшесінде бар.