12 шіл, 2021 сағат 20:33

Елордада жаппай төбелес болып, түнгі клуб иесі жауапқа тартылды


Елордадағы топтық төбелес болған түнгі клуб иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға таңғы сағат 05.15-те Қабанбай батыр даңғылында орналасқан BaoBao түнгі клубының алдында болған. 

«Патрульдік полиция қызметкерлері төбелеске қатысқандардың бәрін ұстап, Есіл ауданының полициясына жеткізді. Жастар сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Ұсталғандардың бәрі мас болған. Олардың үстінен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі. 

Ал төбелес фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Түнгі клуб иесі карантин режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.