21 қаң, 2021 сағат 13:31

Елордада түнде істеген компьютер клубында 70-тен астам адам болған

Құрамында полиция, әкімдік, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері бар мобильді топ карантин режимін сақтамау фактісін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен түнде мобильді топ 150-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріндегі карантин шараларының сақталуын тексерді. Тексеру барысында карантин талаптарын бұзған 14 нысан анықталды. 

Мәселен, Түркістан көшесіндегі «Opus One» рестобары сағат 20.00-ден кейін жұмыс істеуге тыйым салынғанына қарамастан, жұмысын жалғастырып, клиент қабылдаған. 

Сағат 00: 33-те Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан «Strong» компьютер клубы карантин шаралары мен әлеуметтік қашықты сақтамай, мекемеге желілік ойынды ойнауды ұнататын 70-тен астам клиентті кіргізіп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. 

Барлық тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материал әкімшілік іс қозғау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.