04 қыр, 2021 сағат 15:00

Елордада Тәуелсіздік көшесіндегі өткел жартылай ашылды


Елордада Ұлы Дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі Тәуелсіздік көшесінің (№38) бөлігі салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіздік көшесіндегі осы учаскеде жол өткелінің ашылуы көлік қозғалысын жақсартуға және қолданыстағы көше-жол желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ жалпы Нұр-Сұлтан қаласының жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Нысанды толығымен аяқтау, оның ішінде көшенің барлық учаскесінде жол жүруді қамтамасыз ету осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.