#
#
Дүйсенбі 30/11/2020

Елордада шетелден ұшып келген 108 адам карантинге жатқызылды

  • 26.10.2020
  • 0
  • 222

Қазанның 25-інен 26-сына қараған түні халықаралық рейстер бойынша елорданың әуежайына 6 ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines,Belavia және Flydubai әуе компаниялары орындаған. Келген 722 жолаушының ішінде 108-інде ПТР-тест анықтамасы болмаған. Олардың бәрі де стационарлық карантинге жатқызылды. ПТР-тесттен өткеннен кейін аталмыш жолаушыларда вирус анықталмаса үйіне, анықталса инфекциялық стационарға барады.

2020 жылдың 27 қазанынан бастап ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енеді. Оған сәйкес мемлекеттік шекаралардағы өткізу пунктерінде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында шаралар күшейтілмек. Жаңа қаулы бойынша Қазақстанға келген азамат кем дегенде үш күн бұрын ПТР-тесттен өткені туралы анықтаманы тапсыруы керек. 5 жасқа дейінгі балалардан бұл талап етілмейді. Алайда кішкентай баланы алып жүрген өкілінде осындай анықтама болуы тиіс.

Халықаралық транзиттік жолаушылар транзиттік аумақтан кетпеуі керек.

Әуе компанияларының басшылары қонған әуе кемесінің бортына ПТР-анықтамасы жоқ шетел азаматтарын кіргізбеуі тиіс.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар