16 ақп, 2021 сағат 14:13

Елордада салынып жатқан үйдің төбесінде құрбандыққа сиыр шалмақ болған

Елорда салынып жатқан биік қабатты үйдің төбесіне кранмен сиырдың шығарылуына қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мониторинг жүргізу барысында елордалық полицейлер сиырды мұнара кранымен көтеру фактісін анықтады. Оқиға 15 ақпан күні сағат 11-30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған. 

«Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады.

Салынып жатқан құрылыс учаскесінің бастығы Олжас Есеналин сиырды құрбандыққа шалып, етіп мұқтаж адамдарға таратпақ болғандықтарын айтады.

«Мен салынып жатқан учаскенің бастығымын,аты-жөнім – Олжас Есеналин. Осы оқиға қатысты қоғамнан кешірім сұраймын. Ниетіміз адал. Бұл құрбандық болатын, етін аз қамтылған отбасыларға таратпақ едік», - деді ол.