10 қаз, 2024 сағат 22:17

Елордада мерзімі өткен опа қолданған сән салонының иесі сотталды

Фото: pexels.com

Елорда тұрғыны медициналық қызметпен лицензиясыз айналысып, денсаулыққа зиян келтірген. Бұл ісі үшін тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ол тиісті лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді қолдану арқылы косметикалық процедура жүргізіп, нәтижесінде жәбірленушінің денесінде қабыну процесі болып, оған медициналық көмек қажет еткен.

Кінәліге 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

"Қала прокуратурасы азаматтарды медициналық процедураларды қабылдау үшін тек лицензиясы бар білікті мамандарға ғана жүгінудің маңыздылығы туралы ескертеді", - деп ескертеді прокурорлар.