04 қар, 2020 сағат 11:20

Елордада медицина ұйымдарына 166 млрд теңге аударылды

Елордада 2020 жылы Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға 2019 жылға қарағанда қаражат 55 пайызға артық аударылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру аясында қаланың медициналық ұйымдары осы жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында алдын ала тексеру, консультативті-диагностикалық көмек, стационарөлшеуші көмек, стационарлық-медициналық көмек, сонымен қатар жоғарытехнологиялы медициналық, қалпына келтіру ем-домы мен медициналық оңалту қызметтер көрсетілді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап КТ мен МРТ қатарлы тескерудің қымбат түрлері, медициналық-генетикалық зерттеулер, қымбат тұратын зертханалық қызметтер анықтамасы мен медициналық-санитарлық дәрігердің бағыттамасы бойынша келген пациенттерге тегін көрсетілуде», - деді Тимур Мұратов қала әкімдігінің Facebook парақшасында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, медициналық қызметтердің тасымалдаушысы реестріне кіретін медициналық ұйымдарда (оның ішінде республикалық және жекеменшік) КТ-ның 19 аппараты және МРТ-ның 19 аппараты бар. Биыл сонымен бірге қаладағы №9 және №13 емханаларға қосымша 2 аппарат сатып алынған.

Одан бөлек, басқарма басшысы 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қаладағы емханаларға 1 191 650 адамның тіркелгенін мәлім етті.

Тимур Мұратовтың айтуынша, 2020 жылы Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру аясында медициналық ұйымдарға 166 млрд теңге бөлінген. Бұл – 2019 жылға қарағанда 55 пайызға көп сома.