
2020 жылдың 11 айында елорда аумағында тіркелетін қылмыс саны 30 пайыздан астам төмендеді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«11 айдың қорытындысында қылмыстардың тіркелуі 30,8 пайызға төмендеп отыр. Алдын алу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс 52,9, көшелерде 48,4, мас күйде жасалатын қылмыс 30,3 пайызға азайды. Топтық қылмыс 39 пайызға төмендеп, кәмелетке толмағандар тарапынан орын алатын қылмыс 21 пайызға кеміді. 10 мың адамға шаққандағы қылмыс деңгейі 34,3 пайызға, 175-тен 115-ке қысқарды. Жол-көлік оқиғалары 19 пайызға төмендеп, зардап шегушілер саны 27, қайтыс болатындар саны 21 пайызға азайды», - деді Бақытжан Малыбаев Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің отырысында.
Оның атап өтуінше, жыл басынан бері елорда жолдарында 997 мың құқық бұзушылықтың жолыкесілді. 6,3 млрд теңгеге айыппұл салынып, көлігінмас күйде басқарған 865 жүргізуші ұсталды. 837 жүргізуші көлік басқару құқынан айырылды, 834 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар 10 706 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Қала бойынша 1 млн 228 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында елордада «полиция қадамдық қолжетімділікте« ұстанымы енгізіліп жатыр», - деді ол.
