19 шіл, 2021 сағат 12:53

Елордада Құрбан айтқа байлап қойған бұқа қашып кетіп, полицейлерді әбігерге салды


18 шілдеде елордадағы Жұбанов көшесінда бұқаның жүгіріп жүргені туралы хабар түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері бұқаны жолдың жүретін бөлігінен айдап шықты. Ол апатты жағдай тудырып, жол-көлік қозғалысына кедергі жасаған. Бұқаны полицейлер Иманов көшесіндегі үйдің ауласына байлады.

29 жастағы ер адамның бұқаны Құрбан айтқа алдырғаны анықталды, алайда ол қашып кеткен. Бұқаның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.