#
#
Дүйсенбі 30/11/2020

Елордада коронавируспен ауырып жатқанын жасыратындар көбейіп барады

  • 29.10.2020
  • 0
  • 136

Елордада коронавируспен ауырып жатқанын жасыратын тұрғындар көбейіп барады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өздігінен хабарлау және үй ошақтарында байланыс кезінде науқастар санының өсуі байқалады. Бұл қала тұрғындарының алдын алу шараларын сақтамайтынын білдіреді. Соңғы уақытта коронавирус жұқтыру фактілерін жасырудың және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша, сонымен қатар жақын байланыста болғандар туралы жалған ақпарат берудің жиілеуі байқалады. Осылайша, ошақтарды оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуге қиындық тудырып отыр», - деді ол.

Осы ретте елорданың бас санитар дәрігері қала тұрғындары мен қонақтарын айналасындағы адамдардың денсаулығына қамқорлық танытуға шақырды. 

«Ол үшін тек қарапайым ережелерді сақтап, медициналық масканы міндетті түрде кию қажет. Әлеуметтік ара қашықтық сақтауды, бұқаралық іс-шаралар өткізбеуді, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауды өтінемін», деді Жанна Пірәлиева.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар