12 шіл, 2020 сағат 16:25

Елордада көпір астында жаңа арт-кеңістік пайда болды

Көпір аумағы қала тұрғындары үшін көрікті орындардың біріне айналды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Арқар» көпірінің астындағы алаң Нұр-Сұлтанның тұрғындары мен қонақтары үшін көрікті орынның біріне айналды. Онда жаңа арт-инсталляциялар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер, велосипед жолдары және баскетбол алаңдары салынды. Бұл қоғамдық орындарды жаңғыртудың тағы бір үлгісі», деп жазды Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен Instagram парақшасында.

«Бұрын көпір құрылысы Триатлон мен Президент саябағын бір-бірінен бөліп тұрғандай көрінетін. Қазір жаңа кеңістік қалалық үйлесімді біріктірді», – деді Е.Базыкен.

Сондай-ақ ол нысан өз атмосферасын қалыптастырып, қала тұрғындары арасында шығармашылық кластердің дамуына ықпал ететінін атап өтті.