21 қаң, 2021 сағат 17:00

Елордада конькимен сырғанау және шаңғы тебуді тегін үйретеді

Тегін сабақтар демалыс күндері қаламыздың төрт ауданында, сағат 11:00-12:30 және 15:00-16:30 аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Конькимен сырғанау және шаңғы тебуді үйрететін тегін сабақтар санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, нұсқаушының бақылауымен жүргізіледі.

Келемін деушілер мына нөмірлер арқылы тіркеле алады:

«Сарыарқа» ауданына жауапты – 8 775 188 18 38 (Қалалық әкімдік алдыңдағы алаңда, «Көктал» саябақ);

«Есіл» ауданына жауапты – 8 771 522 37 72 («NurAlem» Экспо алаңында, «Үркер» ықшам ауданы);

«Алматы» ауданына жауапты – 8 707 977 99 70 («Триатлон» парк);

«Байқоңыр» ауданына жауапты – 8 747 054 59 00 («Жастар» сарайы, «Кирпичный» тұрғын үй алабы).