Ертең, 28 тамыздан бастап елордада қоғамдық көлік жұмысы сағат 23:00-ге дейін ұзартылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, автобус ішіне бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді.
Еске сала кетейік, жол жүру ақысын көлік картасымен, қысқа нөмірге SMS жіберу, QR-код сканерлеу арқылы және басқа да қолма-қол төлемсіз өтеуге болады.