#
#
Сенбі 06/03/2021

Елордада ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді.

  • 18.01.2021
  • 0
  • 122

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен елордалық ХҚО-лардың жұмыс уақыты 2 сағатқа қысқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар автоХҚО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-сенбі күндері аралығында 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын елордалықтар ХҚО-ға дүйсенбі-жұма күндері 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 09.00-18.00 аралығында жүгіне алатын.

Сондай-ақ, ХҚО-ларда әлі де карантин талаптарына сай бетперделік режим және дистанция сақталады. 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы:

№1 Есіл аудандық бөлімі – Мәнгілік ел даңғылы, 30;

№2 Есіл аудандық бөлімі – Сауран көшесі,7;

Алматы аудандық бөлімі –Тәуелсіздік даңғылы, 32;

Байқоңыр аудандық бөлімі –Абай даңғылы, 80;

№1 Сарыарқа аудандық бөлімі –Республика даңғылы, 43;

№2 Сарыарқа аудандық бөлімі –С409 көшесі, 13;

№1 мамандандырылған ХҚО –20 – 40 көшесі, 2.

№2 мамандандырылған ХҚО –​А-82 көшесі, 8 («Нұрлы-жол» вокзал кешені ғимараты)

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар