12 қаз, 2021 сағат 08:30

Елордада қараусыз қалған малдар үшін айып тұрағы ашылды


Нұр-Сұлтан қаласында көшеде бей-берекет жүрген үй малы айып тұрағына жеткізіледі.

«Жергілікті полиция қызметі басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен және елорданың аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406, 408-баптары бойынша жануардың меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде комиссиялық шешім қабылдайды. Аталған баптар елорда аумағында қараусыз қалған малды жаю фактісін анықтау жағдайларына қатысты.

Жануар иесінің жеке басы анықталғанға және мән-жайы анықталғанға дейін қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарлары Нұр-Сұлтан қаласы, Алаш тас жолы, 72 мекен-жайында ұсталатын болады.

Жануарларды иесіне қайтарған кезде иесі сол аралыққа дейінгі шығынды өтеуі тиіс.

Бұл шаралар қараусыз қалған жануарлардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ ұрланған малды ұрлау мен заңсыз өткізудің алдын алуға мүмкіндік береді.

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7172)55-68-96, 8(7172)28-59-70», - делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.