#
#
Жұма 07/08/2020

Елордада «Jastar Sinergiiasy» республикалық форумы өтіп жатыр

  • 09.12.2019
  • 0
  • 302

Елордада «Jastar Sinergiiasy» республикалық форумы өтіп жатыр. Форум жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық салада, әсіресе технология саласында белгілі бір өзгеріс болмаған жағдайда бәсекеге қабілетті бола алмаймыз. Бұл жастар, әсіресе сіздерге қатысты. Сол себепті мемлекет осындай форумдар ұйымдастырып, бағдарламалар қабылдайды. Бұл - базалық іргетас, қалғаны өз қолдарыңызда. Қазақстандық жастар - ең талантты, қабілетті, болашағы зор», - деді Дәурен Абаев форумның ашылу салтанатында.

4 ай ішінде www.jastarsinergiіasy.kz білім беру платформасында 2000-ға жуық адам веб дизайн, киберқауіпсіздік, онлайн қызмет көрсету, smartcity, инвесторларды тарту және сайт құрастыруға қатысты тақырыптарда дәрістер алды. Одан кейін дәріс алушылар өз жобаларын республиканың 17 аймағында ІТ-жобалар аллеясында ұсынды. Еліміздің әр түкпірінен барлығы 350-ден астам ІТ-жобалар жиналды.

Айта кетсек, форум аясында биыл мамыр айында бастау алған жобаның 60-тан астам финалисі өз жұмыстарын көрсетуде. Жоба мақсаты – жастарды Қазақстанның ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша оқыту арқылы еліміздегі ІТ бағытын дамыту.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар