
Елордадағы ІІ ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды білім басқармасы.
«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасының шешімі бойынша 2021 жылғы 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -29 С) қала мектептерінің ІІ ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», - делінген хабарламада.
