Елордада өткен екі тәулікте 217 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда аумағында күн райының суытуына және жауын-шашынның мол түсуіне байланысты жол апаттарының саны күрт артқаны байқалады. Тек өткен екі тәулік ішінде 217 жол-көлік оқиғасы болған.
2 қарашада 23 жастағы жүргізуші С.Сейфуллин көшесінде келе жатып, көктайғақта рульге ие бола алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағыттағы маршруттық автобуспен және автокөлікпен соқтығысқан. Апаттан зардап шеккен адамдар бар.
«Өкінішке орай, жол көлік оқиғасына қатысушылар апат туралы полицияға хабарламай оқиға орнынан кетіп қалу жағдайлары жиі кездеседі. Жыл басынан бері елордада жүргізушілер оқиға орнынан қашып кеткен 3 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді», - делінген полиция мәліметінде.