01 қаз, 2021 сағат 13:45

Елордада бойжеткен жалға алған пәтердегі теледидарды ломбардқа өткізіп жіберген


Нұр-Сұлтанда бойжеткен жалға алған пәтердегі теледидарды ломбардқа өткізіп жіберген. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 22 жастағы бойжеткен құрбысымен бірге бір күнге пәтер жалдағаны анықталды. Ақшаға мұқтаж күдікті құрбысының өз шаруаларымен үйден шығып кеткенін пайдаланып, жал,а алған пәтерден құны 200 мың теңге болатын теледидарды алып кетіп, жасырынған. Содан кейін оны ломбардқа өткізіп жіберген. 

Полицейлер ұстаған пәтер жалдаушы кінәсін мойындады.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.