13 қар, 2020 сағат 10:54

Елордада бір түннің ішінде 17 мың текше метр қар шығарылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, қарашаның 12-нен 13-не қараған түні қала ішінен 17 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидрометтің хабарлауынша 2020 жылдың 12 қараша күні 28 мм-лік айлық норманы есептегенде 7 мм қар түсті. 

«13 қарашада елордада қар тазалау жұмыстарына 960 дана арнайы техника мен 1800 жұмысшы жұмылдырылған», - деді әкімдік.

Еске сала кетсек кеше елордаға қар жауып, көктайғақтың пайда болуына байланысты коммуналды қызметтер қала көшелерін жинау үшін көптеген арнайы техниканы шығарған болатын. Осыған қарай полиция елорда тұрғындарынан техника лектеріне ілесіп жүретін полиция патрульдерінің талаптарын мүлтіксіз орындауға, қар тазалаушы техникаларға кедергі келтіретін жерге көлік қоймауға, арнайы техниканың қатарына түспеуге шақырған еді.