29 жел, 2021 сағат 14:10

Елордада балаларға арналған ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған


Елордада балаларға арналған ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұжымдық сипаттағы барлық таңертеңгіліктерге тыйым салынған таңертеңгіліктерді мектептерде сыныпта, балабақшаларда топта ғана әртүрлі уақытта ата-аналарының қатысуынсыз, аниматорларды шақырмай өткізуге рұқсат беріледі. Жеке сипаттағы ертеңгіліктерге қатысты айтар болсам, мұндай іс-шаралар түрлі ұжымдардың, әртүрлі балалардың қатысуымен өтетін болғандықтан оларға тыйым салынған», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен анықталған іс-шараларға ғана Ashyq жобасымен келушілердің де, қызметкерлердің де мәртебесі «жасыл» болғанда рұқсат беріледі. 

«Яғни, ұйымдар мен нысандарға арналған ұжымдық іс-шаралар келуішлердің де, қызметкерлердің де бәрінде «жасыл» мәртебе болуы тиіс. Балалар Ашық жобасына қатыспайтындықтан олардың ұжымдық іс-шараларын өткізуге болмайды», - деді Сархат Бейсенова.