12 қар, 2021 сағат 14:05

Елордада ата-аналар арасында Pfizer вакцинасына қатысты сауалнама жүріп жатыр


Pfizer вакцинасын балаларға қандай жағдайда салмау керек? Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының балалар денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айжан Амангелдиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер баланы тексеру барысында дәрігер созылмалы аурулардың асқынуын анықтаса, немесе температура көтерілсе және вакцина құрамына кіретін компоненттерге аллергия болса - мұның барлығы вакцинацияға қарсы көрсетілімдерге жатады», - деді басқарма өкілі.

Маманның сөзіне қарағанда, бүгінде елорда мектептерінде сауалнама жүргізіліп жатыр. Осы сауалнаманың қорытындысы бойынша вакцина қажетті мөлшерде таратылады. 

«Сауалнамада «Балаңыздың екпені қайда алғанын қалайсыз: мектепте ме, әлде емханада ма» деген сұрақ бар. Сонымен қатар, «Балаңызға екпе қалай салғанын көрігіңіз келе ме, бұл процеске қатысасыз ба», - деп сұраймыз. Егер «Иә» деп жауап берсе, онда ата-аналар баланы вакциналау процесін көру үшін мектептерге жіберіледі», - деді Айжан Амангелдиева.

Сонымен қатар, ол елорданың білім ошақтарының оқушыларды Pfizer вакцинасымен иммундауға дайындығы бақылау алынғанын атады.

«Вакцинация алдында Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мектептерде мониторинг жүргізіп, медициналық кабинеттерді тексереді. Вакцинация үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған», - деді басқарма өкілі.