06 қар, 2020 сағат 10:57

Елордада ақылы ПТР тестіні қайдан өтуге болады?

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясын анықтау үшін ПТР тестілеу әдісімен ақылы түрде талдау жүргізетін жеке медициналық ұйымдар тізімін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ПТР тестілеу құны 8 000 теңгеден бастап Ұлттық экспертиза орталығында, «Мейірім» ЖШС, «BIO Lab» ЖШС-да жүргізіледі. Тәулігіне - 800-1 000 талдау. 

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық, «INVIVO» ЖШС, «ОЛИМП» КДЗ, Көпбейінді қалалық №2 аурухана, Көпбейінді қалалық №2 балалар ауруханасы, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы аталмыш тестілеуді 9-11 мың теңгеге жүргізеді. 

12-15 мың теңге шамасында «Геном плюс» ЖШС, Транфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, UMC КҚ Республикалық диагностиклық орталығында өтуге болады. Коронавирус инфекциясы бойынша ПТР тестіден өтем деушілерге бұл қызмет ақылы. Жүкті әйелдерге, КВИ ауырғандармен байланыста болғандарға немесе көрсеткіштері болған жағдайда бұл медициналық қызмет қала емханаларында тегін көрсетіледі», - делінген хабарламада. 

Елордада КВИ-де биоматериал жинауға арналған 15 зертхана қызметі бар. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 10 мыңнан астам сынақты құрайды.