
Елордада 7 қаңтар күні қоғамдық көліктер жүреді, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясы.
«Мінекей жаңажылдық демалыстар да аяқталды. Алда Рождество мерекесіне орай тағы бір демалыс күні болады. Алайда қоғамдық көлік әдеттегідей жұмысын жалғастырады. 7 қаңтарда автобустар жүреді. Бетперде тағу режимін сақтауды ұмытпаңыздар, жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», делінген хабарламада.
