#
#
Cәрсенбі 25/11/2020

Елордада 50 жылдық мерейтойға жиналғандар мейрамханадан қайтарылды

  • 19.10.2020
  • 0
  • 95

Елорда тұрғындары карантин режимінің шектеу шараларына қарамастан отбасылық отырыстарды өткізіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәселен, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше, 18 қазан күні сағат 17.10-да полиция қызметкерлері «QUMAN» мейрамханасында басталған 50 жылдық мерейтойды тоқтатқан. Отырыс енді қызған сәтте мейрамханаға Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, әкімдік пен Нұр-Сұлтан полициясы өкілдерінен тұратын мобильді топ кіріп келіп, көңілді кештің одан ары жалғасуына мүмкіндік бермеді. 

«Мейрамхана иесі мен шараны ұйымдастырушы шектеулерді елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Мейрамхана иесі мен мерекелік отырысты ұймдастырушыға қатысты жиналған материал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 424-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - деп атап өтеді ведомстводан. 

Департамент ақпаратына қарағанда, бір тәуліктің ішінде мобильді топ 132 кәсіпкерлік субъектісін тексеріп, карантин режимін бұзудың 36 фактісін анықтаған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар