#
#
Сейсенбі 04/08/2020

Елордада 3 тамыздан бастап қоғамдық көлік қайта жүреді

  • 01.08.2020
  • 0
  • 182

3 тамыздан бастап жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша автобустар қозғалысы жанданады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен карантин кезеңіндегі қоғамдық көліктердің дайындығымен таныстым. Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша біз 3 тамыздан бастап автобус қозғалысын қалпына келтіреміз. Тек қала ішінде жүретін бағыттар іске қосылады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі. 

Автобустар сағат 6: 00-ден 21: 00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге тыйым салынады.

Оның айтуынша, көліктік бақылау бөлімінің қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізіп, жүргізушілер де, жолаушылар да маска режимін сақтайтын болады. Жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз кіргізуге қатаң тыйым салынады. Автобустан тек алдыңғы есіктен шығады. Жол жүру ақысы банктік аударым арқылы жасалады.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Қазақстанда 3 тамыздан бастап шектеулі түрде қоғамдық көліктер жұмысын қайта жанданатындығы туралы айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар