- Елорданың темір жол вокзалы аумағындағы тұрақты қардан тазарту үшін көліктерден босатуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Астана. Вокзал маңыздағы алаң. Тұрақ аумағын көліктерден босатып, қарын тазалауға кірісуде. Келесі аптадан бастап бұл аумақты әкімдік басқаратын болады. Ендігі уақытта бұл жер бейберекетсіздіктен арылып, тәртіп орнайтындығына үміт артамын», - деп жазды Фейсбукте Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабай.
Естеріңізге сала кетсек, таяуда Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданың теміржол вокзалының маңындағы жағдайды тексерді. Сол кезде теміржол вокзалы мен «Сапаржай» басшылары әкімге ақылы автотұрақ жүйесі әуежай маңындағы автотұрақ сияқты жұмыс істейтін болатындығын айтқан еді. Бұл жерде де бастапқы 20 минуты тегін болса, кейін әр сағаты үшін 200 теңге алынады. Тегін орындар аккредитациядан өткен такси жүргізушілеріне ғана беріледі. Ал «Сапаржай» автовокзалымен ынтымақтастыққа келмеген такси жүргізушілеріне тегін орындар берілмейді. Бұл такси жүргізушілері көбіне Астана-Павлодар, Астана -Қарағанды, Астана-Көкшетау бағыттарында жолаушы тасымалдап келеді. Егер олар аккредитациядан өтпесе, басқа автокөлік иелері сияқты ақша төлейтін болады.