21 мам, 2020 сағат 11:30

Елорда тұрғыны үйінде көкнәрдің элиталық сортын өсірген

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері көкнәрдің элиталық сортын заңсыз өсірген елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 мамырда ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті ҚР ҰҚК Орталық аппаратымен бірлесіп, құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді «гидропоника» әдісімен заңсыз егіп-өсіруге қатысы бар «А» деген азаматты ұстады. 

Тінту барысында көкнәрдің (каннабис) элиталық сортының түптері (нарықтағы құны шамамен 4,5 млн теңге), ауа ылғалдатқыш, арнайы қыздыру шамдары, желдету жүйесі, сондай-ақ кептірілген каннабис жапырақтары, электрондық таразы мен орау материалы алынды», делінген хабарламада.

Осы оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.