Елордада есірткі жасап, сатып келген жасырын зертхана табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
13 мамырда ҰҚК елордалық департаменті жасырын тергеу кезінде уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасап, оны жасырын жолмен сатып келген С. атты ҚР азаматын ұстады.
«Жасырын есірткі зертханасын тінту кезінде шамамен 2 кг «A-PVP» синтетикалық есірткісі («қара» нарықтағы құны - шамамен 34 млн теңге ), орау материалдары, шыны құтылар, магнитті араластырғыш, сорғылар, түтікшелер, шыны цилиндрлер, респираторлық маскалар, электрондық таразы, 2 кг реагент, 40 литр әртүрлі прекурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де бұйымдар алынды» делінген хабарламада
С. атты азамат қалалық тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.