26 сәу, 2022 сағат 15:40

Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізген


Нұр-Сұлтан тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, Ақмола облысында Ақкөл ауданына қарасты елді мекендердің бірінде тұратын 13 жастағы тұрғын есеңгірететін дәрі-дәрмектер пайдаланып, бірнеше рет алкогольдік ішімдіктер ішкені анықталды. Заңсыз әрекеттерді 2021 жылдың 25 желтоқсаны мен 26 желтоқсаны аралығында 34 жастағы елорда тұрғыны жасаған.

Қазіргі уақытта Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне (Кәмелетке толмаған баланы қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Кәмелетке толмаған адамды алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді, еліткіш дәрі-дәрмекті жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдер маскүнемдігіне әкеледі, ал баптың санкциясында осы қылмыс үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - делінген хабарламада.