Елорда мектептерінің 2-тоқсандағы жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы «сары қауіпті аймақта» орналасуына байланысты жалпы білім беретін мектептерде 5 сынып, ал халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарланған жоқ. Кезекші 5 сыныптардың жұмыс істеу мәселесі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешілетін болады. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді», - деді басқармадан.
2-тоқсанда қала мектептері барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптармен жұмыс істейді.
«Білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Ата-аналар мен оқушылар қосымша хабарланатын болады», - деп атап өтеді ведомстводан.