17 сәу, 2021 сағат 18:48

Елорда: Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр?

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ел астанасында салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  қала әкімінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Қалада республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метрді құрайды, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы - 30 мың адам. Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен жүргізілуде. Бүгін осы мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Ол Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ аумақты абаттандырып, ағаш отырғызамыз» делінген жазбада. 

Қала басшысының айтуынша, бұл мешіт еліміздің тұрғындары үшін ғана емес, туристер үшін де тартымды нүктеге айналады.