04 жел, 2020 сағат 10:38

Елорда мектептерінің 2-інші ауысымдағы оқушылары қашықтан оқиды

Елордада екінші ауысымның кезекші тобындағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Білім басқармасының шешімімен, 4 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз - 23) қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-5 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.