29 там, 2020 сағат 12:31

Елорда маңында қоқыс полигоны өртенді

«Қазгидромет» РМК елордадағы түтін мен ыстың себебін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство мұны Целиноград ауданындағы қоқыс полигонының өртенуімен түсіндірді. 

«Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Целиноград ауданында Тайтөбе ауылынан 5 шақырым жерде қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Өрт аумағы 250 шаршы метрді шарпыған. Елордада желсіз, жауынсыз тымық ауа райы болғандықтан, аспанда инверсиялық қабат пайда болды», - делінген хабарламада. 

«Қазгидромет» РМК бақылау бекеттерінің дерегінше, 28-29 тамыз күндері ауадағы шекті жол берілген норма артқан. 

Елордада ауаның жай-күйі 10 бекетте бақыланады, оның 4 бекетінде деректер қолмен сұрыпталады, 6 бекеті - автоматты түрде жұмыс істейді.