14 қаз, 2020 сағат 12:53

Елорда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлау сценарийіне дайындалуда

Елорда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлау сценарийіне дайындалуда. Бұл туралы #ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында «ANTIKOR ORTALYǴY» адаңында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен кезең ішінде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен өзге карантиндік және ерекше қауіпті инфекциялар жағдайы тіркелген жоқ. Жалпы, 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирустың дәлелденген жағдайлар тіркеу жүргізіліп келе жатыр. Осы кезең ішінде қалада 14 213 жағдай тіркелген. Бүгінде ауру көрсеткіші қалада республика бойынша біршама жоғары толып тұр. Біз эпидемиологиялық ахуалдың нашарлау сценарийіне дайындалудамыз. Сондықтан қаланың медициналық ұйымдары жағдайды тұрақтандыру және оны бақылауда ұстау үшін бірқатар шара қабылдауда», - деді ол. 

Департамент басшысының айтуынша, қалада тұмауға қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізілуде. Нұр-Сұлтанда 110 мың тұрғынға екпе жасалды. Бұл халық санының шамамен 10 пайызын құрайды. Олардың ішінде шамамен 40 мың бала екпе алды. 

«Қала тәулік сайын 6-дан 8-ге дейін халықаралық рейсті қабылдайды. Тәулігіне орташа есеппен 140 келуші ПТР анықтамасы болмағандықтан ауруханаға жатқызылады. Бұл процесс ары кеткенде 1 тәулікке созылады. Нәтиже алынғаннан кейін пациентте теріс көрсеткіш болса үйіне жіберіледі. ПТР тестін тапсыру оларға тегін. Қазіргі уақытта сырттан келген адамдардың біреуінде ғана воронавирус анықталды. Ол Ресейден келген азамат болатын. Онда ауру сиптомсыз және амбулаторлық ем қабылдауда», - деді Зекен Исақов.