08 қаң, 2021 сағат 10:40

Елорда әуежайында ПТР тест тапсыруға болады

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ғимаратында ПТР тест тапсыру орталығы ашылды, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

«Енді елорда әуежайының жолаушылары мен қонақтары GrinLab тестілеу орталығында ПТР және ИФА әдістері арқылы коронавирус COVID-19 инфекциясына тестілеуден өте алады.

ПТР тестілеудің құны 9 000 теңгеден басталады. Сынама жұтқыншақ пен мұрыннан алынады және нәтижесі электронды поштаға орыс немесе ағылшын тілінде жіберіледі. Нәтижені 12 сағаттың ішінде алуға болады», делінген хабарламада.

ИФА әдісімен антиденеге экспресс тест жасату құны – 6 500 теңге, зерттеу кезінде IgM және IgG сыныптарының антиденесін анықтау үшін қылтамырдан қан алынады, нәтижесі 15 минуттің ішінде дайын болады.

Антигенге экспресс тест жасату құны – 8 500 теңге, IgA антигенін анықтау үшін мұрын-жұтқыншақтан сынама алынады, нәтиже нәтижесі 15 минуттың ішінде әзір болады.

Орталық Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ғимараты сол қанатының екінші қабатында, ішкі рейстер терминалында орналасқан.