03 там, 2020 сағат 12:55

Елорда әкімі ұзаққа созылған нысанның құрылыс барысымен танысты

Үлестік құрылыс нысандары бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Таңертең Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлггінов «Айсанам De Luxe» және «Жеті жол» нысандарының құрылыс барысымен танысты

«Құрылысы ұзаққа созылған нысанды аяқтауға мемлекет қаражат бөлді, бірақ ол қаражат қайтарымды. Инвесторлар нысанға кіруі үшін тұрғын үй кешендері рентабельді болуы, қосымша алаңның болуы маңызды. Осы мәселелерді шешу үшін инвесторларға қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету және құрылысты аяқтау үшін донор ретінде қосымша учаскелер бөлеміз. Таңертеңгілік құрылыс нысандарын аралау барысында «Айсанам De Luxe» және «Жеті жол» нысандарының құрылыс барысымен таныстым. Бұл тұрғын үйлердің құрылысы 2013-14 жылдары басталды, үлескерлердің жалпы саны 1 мыңнан астам адам. Үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бекітілді», - деді Алтай Көлгінов.